---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/06/bejbit-zhuqaev-qazaqstannyng-ekinshi-raketkasy-atandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды

![Бейбіт Жұқаев Қазақстанның екінші ракеткасы атанды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/1686645556.jpg)

**Кәсіби теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей және жұптық сында жаңартылған әлемдік рейтингті жария етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик 33-тен 32-ге көтерілді.

АҚШ-та Шарлотсвилл челленджер турнирінде үздік шыққан 23 жастағы Бейбіт Жұқаев 247-ден бірден 52 сатыға жоғарылап, әлемнің 195-інші, Қазақстанның екінші ракеткасы атанды.

Михаил Кукушкин 213-те қалса, Тимофей Скатов 211-ден 216-ға, Денис Евсеев 238-ден 239-ға сырғыды.

Париждегі мастерс жарысының чемпионы болған Новак Джокович бұрынғыша көш бастаса, испаниялық Карлос Алькарас екінші, ресейлік Даниил Медведев үшінші орында тұр.

Жұптық сында Александр Недовесов 47-ден 48-ге төмендесе, Андрей Голубев 63-орнында қалды.

Әлем бойынша америкалық Остин Крайчик, хорватиялық Иван Додиг, нидерландтық Уэсли Колхоф қамшы салдырмай келеді.

---

Жарияланды: 2023-11-06T04:40:22+06:00

Жаңартылды: 2023-11-06T04:40:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/06/bejbit-zhuqaev-qazaqstannyng-ekinshi-raketkasy-atandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.