Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Бизнес

Парламентте отандық өндірісті қолдау үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

admin by admin
3 ноября, 2023
Парламентте отандық өндірісті қолдау үшін заңнаманы жетілдіру мәселелері талқыланды

Астана, 2023 ж. 3 қараша. Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде қазақстандық тамақ өнімдерін өндірушілердің салалық одақтары бастамашылық еткен отандық өндірушіні қорғау туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша түзетулер мен ұсыныстар енгізу қажеттілігі туралы мәселе қаралды. Барлығы төрт бөлім бойынша сауда қызметін реттеу және монополияға қарсы заңнама саласында 40-тан астам ұсыныстар пакеті ұсынылды. Бұл елдің ішкі нарығын қорғау, отандық өндірісті дамыту және қазақстандық тауарлардың импорттық тауарлармен әділ бәсекелестігі үшін жағдай жасау үшін қажет, деп атап өтті түзетулердің бастамашылары.

Байланысты

«Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді

Астанадағы агрофорумда агробизнестің дамуы талқыланды

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда

Мәжілісте «AMANAT» партиясының АӨК жөніндегі республикалық кеңесінің төрағасы, Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетовтің басшылығымен отандық өнімдерді өндіру мен өткізу саласына жетекшілік ететін салалық одақтардың, мемлекеттік органдар мен министрліктердің және «Атамекен» ҰКП өкілдері жиналды. Сондай-ақ, талқылауға қазақстандық заңнаманың сапасын арттыру мәселесін міндетке алатын ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм институтының сарапшылары қосылды.

Бұл жиында мәжілістің қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша салалық одақтардың ұсыныстарын қарауға дайын екендігі және бұл міндет Мәжіліс жұмысының жоспарында көзделгені атап өтілді. Келесі отырыста осы ұсыныстар пакеті заңгерлер үшін қолайлы тұжырылымдамада ұсынылуы тиіс. Салалық одақтар осы құжатты дайындауды Парламентаризм институтының сарапшыларымен бірлесіп жүргізеді және ұсыныстардың барлық пакетін заң тұрғысынан мұқият пысықтайды деп шешілді.

– Біз өндірушілермен екі бағытта жұмыс істеуге келістік. Біріншісі – азық-түлік қауіпсіздігі туралы жаңа заңды әзірлеуге қосыламыз, сонымен бірге халықаралық тәжірибені жан-жақты зерттеп, талдаймыз. Екіншісі – Парламентаризм институтының сарапшыларымен бірге салалық одақтардың ұсыныстарын мұқият қарастырып, оларға ҚР Парламенті Мәжілісінде одан әрі қарау үшін қолайлы заң нысанын береміз. Бұл отандық өндірісті қолдауға және нарықты қорғауға бағытталған өте маңызды жұмыс. Ол бүгінде шамадан тыс либералды ережелерге байланысты отандық өндірістің пайдасына емес, импорттық өнімді жеткізушілердің мүддесі үшін жұмыс істейді. Бұл мәселеде дұрыс мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ету қажет, біз мұны азық-түлік қауіпсіздігі мен қазақстандықтардың денсаулығы мүддесінде жасауға дайынбыз, – деп пікірімен бөлісті Мәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетов.

Парламентаризм институтының Қаржы және корпоративтік заңнама орталығының бастығы Маржан Жиенбаева заңнамаға түзетулер пакеті жұмысыңа қосылуға дайын екенін растады. «Азық-түлік секторының салалық одақтарының өкілдерімен бірлесіп біз енгізілетін әрбір түзетуге мұқият сараптамалық-құқықтық талдау жүргіземіз», — деп ойымен бөлісті Маржан Жиенбаева.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Марал Рахымжанованың айтуынша, әкелінетін импорттық тамақ өнімдерінің сапасына қатаң бақылауды қамтамасыз ету аса маңызды мемлекеттік міндет болып табылады. «Қазіргі уақытта Қазақстанның мемлекеттік органдарында импорттық азық-түлік өнімдерінің барлық жеткізілімдерін қадағалауға мүмкіндік беретін бірнеше деректер базасы бар. Бүгінгі таңда әрбір уәкілетті орган ақпараттық жүйелердің деректерін біріктіру бойынша жұмыс жүргізуде және ол аяқталғаннан кейін импорттық өнімнің сапасын бақылау жаңа деңгейде қамтамасыз етілуі мүмкін», — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Өз кезегінде, ҚР Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің төрағасы Қуаныш Елікбаев азық-түлік қауіпсіздігі және отандық өндірушіні қолдау мәселелерінің маңыздылығы туралы айтты. «Біз әртүрлі өңірлерде импорттың қысымы жүріп жатқанын көріп отырмыз, мысалы, импорттық шұжық 1 мың теңгеден сатылса, біздің шұжықтың құны 2500. Бірақ оның құрамын қарасаңыз, онда тері, ұнтақталған сүйектер бар. Сондықтан біз ішкі нарықты қорғау және сауда сөресінің 30-50 пайызын қазақстандық тауарларға бөлу тақырыбын қолдаймыз», — деп атап өтті Қуаныш Елікбаев.

Азық-түлік нарығын бақылаудың жеткіліксіздігі туралы пікірталас барысында бірқатар бизнес және мемлекеттік органдар өкілдері сөз сөйледі. «Атамекен» ҰКП өкілі Жандос Бидайбеков «AMANAT» партиясы мен салалық одақтардың ұстанымын қолдап, реттеуші тәжірибеде озық халықаралық тәжірибені кеңінен қолдану қажет екенін, атап айтқанда көршілердің тәжірибесі де пайдалы болуы мүмкін екенін атап өтті. Ол Қырғызстанның заңнамалық базасын ішкі нарықты қорғау және бақылау мәселелерінде зерделеуге кеңес берді – көрші елде олар өз өндірушілерін тиімді қорғауды үйренді. Оның айтуынша, қазір мемлекеттік органдар мен бизнес нарықты мұқият бақылау және ҚР сапалық талаптарына сәйкес келмейтін барлық импорттық өнімдер үшін шектеу шараларын енгізу үшін өз күштерін біріктіруде.

«Көптеген айлар бойы біз қолдау іздедік және бүгін парламентшілерге тамақ өнімдерін өндіру секторының проблемаларына назар аударғаны үшін алғыс білдіреміз. Біз дайындаған заңнамаға енгізілген түзетулер жергілікті супермаркеттерде отандық азық-түлік өнімдерін сатудың әділ ережелерін белгілеуге көмектесіп, біздің кәсіпорындарымызға толық қуатта жұмыс істеуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз, себебі бұл мүмкіндік бізде әлі де жоқ»,- деп атап өтті Қазақстанның Сүт одағының директоры Владимир Кожевников.

Отырысқа қатысушылар заңнамалық базаны жетілдіру жөніндегі барлық қадамдарды тығыз үйлестіру және әрбір нақты ұсынысты талдау үшін бизнеспен тұрақты өзара іс қимыл жасау туралы уағдаласты.

Tags: 2023 ж. 3 қарашаазық-түлік қауіпсіздігі және отандық өндірушілердің салалық одақтарын қорғау туралы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша түзетулер мен ұсыныстар енгізу қажеттілігі туралы мәселе қаралдыАМАНАТ партиясының АӨК жөніндегі республикалық кеңесінің төрағасыАстанаМәжіліс депутаты Нұржан Әшімбетовтың басшылығыменҚазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде
БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Басе» YouTube-арнасының авторларына неге іздеу жарияланған? ІІМ жауабы

Келесі жаңалық

Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
Бизнес

«Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді

18 мая, 2026
Астанадағы агрофорумда агробизнестің дамуы талқыланды
Бизнес

Астанадағы агрофорумда агробизнестің дамуы талқыланды

18 мая, 2026
Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда
Бизнес

Қазақмыс өндірістік қажеттілік үшін меншікті генерация көздерін құру мүмкіндігін қарастыруда

16 мая, 2026
Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ
Саясат

Қасым-Жомарт Тоқаевтың бейбітшілік жолындағы жаһандық қозғалыс туралы идеясы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері VIII съезінің басты тақырыбы болмақ

5 сентября, 2025
Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды
Басты

Назарда – цифрландыру, Aitu және венчурлік инвестициялар. Алматыда IT және креативті экономиканың болашағы талқыланды

28 августа, 2025
Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты
Саясат

Air Astana мобильді қосымшасын жаңартты

15 июля, 2025
Келесі жаңалық
Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Непал Президенті Рам Чандра Пауделге көңіл айту жеделхатын жолдады

Орталық Азияда БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін өңірлік платформа құрылды

Орталық Азияда БҰҰ-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы конвенциясын жеделдетіп имплементациялау үшін өңірлік платформа құрылды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметінен босатылды

Дархан Кәлетаев Қазақстанның Молдовадағы елшісі қызметінен босатылды

30 марта, 2022
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады

1 августа, 2024
Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

Астанада қар күреу жұмысына 3 000-нан астам жол жұмысшысы мен 1 700-ден аса арнайы техника жұмылдырылды

6 февраля, 2026

Топ жаңалықтар

  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қызылордада оқушыны секс құлдыққа салған күдіктілердің бесеуі — жасөспірім

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «ҚУАТТЫ ӨҢІРЛІК ҒЫЛЫМ – ҚУАТТЫ ӨҢІР» ҚЫЗЫЛОРДАДА ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Meta, TikTok, Яндекс жəне басқа да платформалармен тікелей диалог: AMDG 2026 жылғы медиялық жəне видеожарнама бойынша конференция өткізеді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қазақмыс БМЗ-дағы күкірт қышқылы цехында негізгі жабдықты ауыстырып жатыр

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • Сатып алғаннан гөрі жөндеу тиімді: неге қазақстандықтар жаңа техника сатып алудан бас тартып жатыр
  • «Қазақмыс» басшылығы жұмысшылармен екінші кездесу өткізді
  • STOP! ОЙЛАН! ЖҮР!

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.