---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/03/base-youtube-arnasynyng-avtorlaryna-nege-izdew-zhariyalanghan-iim-zhawaby/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# «Басе» YouTube-арнасының авторларына неге іздеу жарияланған? ІІМ жауабы

![«Басе» YouTube-арнасының авторларына неге іздеу жарияланған? ІІМ жауабы](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/photo_117223.jpeg)

**ІІМ «Басе» YouTube-арнасының авторлары Наталья және Айдос Садықовтарға неге іздеу жарияланғанын түсіндірді, деп хабарлайды ****Qazaqpress.**

Министрліктің Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына берген жауабында «Басе» YouTube-арнасында заңға қайшы контент анықталғаны айтылған.

> «Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық араздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады», — деп хабарлады ІІМ.

Бұл ретте 2014 жылы Ақтөбе соты Наталья Садықованы жала жапқаны үшін мемлекетаралық іздеуге жариялаған болатын. Ол кезде оның үстінен кәсіпкерден жеке шағым түскен.

> «Одан әрі баптың қылмыссыздандырылуына және әкімшілік құқық бұзушылық санатына ауыстырылуына байланысты іздеу тоқтатылды», — деп түсіндірді министрлік.

Бұған дейін «Бәсе» YouTube-арнасының авторларына Қазақстанда іздеуге жарияланғаны хабарланған болатын. Бұл туралы ақпарат құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының порталында пайда болды.

---

Жарияланды: 2023-11-03T06:21:04+06:00

Жаңартылды: 2023-11-03T06:21:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/03/base-youtube-arnasynyng-avtorlaryna-nege-izdew-zhariyalanghan-iim-zhawaby/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.