---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/02/qazaqstan-franciyagha-zhylqy-etin-eksporttamaq/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттамақ

![Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттамақ](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/k-azak-stan-franciyag-a-zhylk-y-etin-eksporttamak_1698908329.jpg)

**Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Ақордадағы кездесуі алдында франциялық делегациямен өткен келіссөздің кейбір тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция — жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды», — деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, елімізде жылқы етінің өндірісі қарқын алып келеді.

> «Етті жылқы тұқымдары негізінен батыста — Көшім және Мұғалжар нәсілдері. Қазір тәжірибелік стансалар базасында Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының жеке филиалын ашпақшымыз. Ол филиал тек жылқы шаруашылығымен айналысады», — деді Серік Жұманғарин.

---

Жарияланды: 2023-11-02T07:03:15+06:00

Жаңартылды: 2023-11-02T07:03:15+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/02/qazaqstan-franciyagha-zhylqy-etin-eksporttamaq/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.