---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/11/02/2-qarashada-almatyda-ajmaqtyq-zharnamalyq-forwm-raf-oetedi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# 2 қарашада Алматыда Аймақтық жарнамалық форум (RAF) өтеді

![2 қарашада Алматыда Аймақтық жарнамалық форум (RAF) өтеді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/11/unnamed.jpg)

**Оңтүстік астанада қарашаның 2-сі күні Құрманғазы 44 мекенжайындағы Қабылдау үйінде жарнама саласындағы маңызды шаралардың бірі – Аймақтық жарнама форумы (RAF) өтеді.**

Форумға жарнама, медиа және маркетинг саласындағы жетекші тұлғалар – жарнама агенттіктері, сейлз-хаус, сыртқы жарнама операторлары, БАҚ өкілдері және жетекші маркетологтар қатысады.

Биылғы жылы RAF 2023 басты тақырыбы – «Интеграциялық стратегия».

Форум барысында қатысушылар екі залда өтетін 32 баяндама мен пікірталас алады.

Іс-шараға офлайн режимде қатыса алмайтындар үшін онлайн-трансляция сілтемесі арқылы қолжетімді.

https://www.youtube.com/live/artWPvEDTl4?si=l0Gke7TORro4CaOQ

RAF 2023 Tribune марапаттау рәсімімен аяқталады.

Tribune премиясы биыл үшінші рет өткізіледі және Қазақстан мен Орталық Азиядағы өз саласы бойынша жалғыз. Сыйлыққа үміткерлер 2022 жылдың 4 қазаны мен 2023 жылдың 3 қазаны аралығында интернет-басылым жариялаған эксклюзивті сұхбаттардың, арнайы жобалардың және жаңалықтардың кейіпкерлері болды.

Қазылар алқасының құрамында жарнама, маркетинг және PR индустриясының танымал және беделді өкілдері болды — Виталий Савков, Vi Digital Kazakhstan бас директоры; Олеся Колесниченко, PR Guide PR агенттігінің директоры; MediaInsider басшысы Виталий Бейлер және Home Credit Bank PR қызметінің жетекшісі Әсел Тынышбекова.

Салтанатты шарада «Үздік жаңалық», «Үздік арнайы жоба», «Үздік мақала» және «Үздік сұхбат» номинациялары бойынша 4 лауреат анықталады.

**Форумды Орталық Азия жарнама қауымдастығы ұйымдастырып отыр.**

RAF 2023 ресми серіктестері -Yandex Ads, Home Credit Bank Kazakhstan, Coca-Cola.

Серіктестер — ТV Меdia Advertising Agency, GoAhead, Admixer Advertising№

Ивент-серіктес — EZ Solutions

Ақпараттық серіктестер — Tribune.kz, КТК, NUR.kz, Zakon.kz, Optimism.kz, BIZ Media, Global News, Weproject.Media, Almaty TV, Qazaqpress, Marketing.uz (Маркетинговая ассоциация Узбекистана).

Премия серіктестері — Wunder-Digital, Zerde Publishing, Leadbros и GlobalNews.kz.

---

Жарияланды: 2023-11-02T02:56:14+06:00

Жаңартылды: 2023-11-02T03:34:38+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/11/02/2-qarashada-almatyda-ajmaqtyq-zharnamalyq-forwm-raf-oetedi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.