---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/30/wta-qorytyndy-twrniri-elena-rybakina-alghashqy-matchynda-zhengilip-qaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды

![WTA қорытынды турнирі: Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/chto-skazala-elena-rybakina_1674740451305748253.jpg)

**Мексиканың Канкун қаласында өтіп жатқан WTA қорытынды турнирінде Қазақстанның бірінші, әлемнің 4-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы матчында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Қазақстандық теннисші әлемнің 5-ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 5:7, 2:6 есебімен есе жіберді.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған матчта Рыбакина 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың екеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 2 эйс, 5 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Бакалар тобында әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко рейтингте 9-орында тұрған грекиялық Мария Саккариді 6:0, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

WTA қорытынды жарысына алғаш рет қатысып жатқан Е.Рыбакина келесі ойынын М.Саккаримен өткізеді. Содан кейін А.Соболенкомен кездеседі. Жартылай финалға шығу үшін қалған екі бәсекеде жеңуі қажет.

Өткен жылы осы додада жеңімпаз атанған франциялық Каролин Гарсия биыл бұған өте алған жоқ.

---

Жарияланды: 2023-10-30T04:07:35+06:00

Жаңартылды: 2023-10-30T04:07:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Спорт](https://qazaqpress.kz/category/sport/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/30/wta-qorytyndy-twrniri-elena-rybakina-alghashqy-matchynda-zhengilip-qaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.