Жаңбыр, бұрқасын: Жұмаға күн райы болжамы

Жаңбыр, бұрқасын: Жұмаға күн райы болжамы

«Қазгидромет» РМК 27 қазанға күн райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«Республика аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуімен құбылмалы ауа райы сақталады. Онымен жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі, еліміздің батысы мен оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады.

Күндіз Атырау облысында қатты жаңбыр жауады.

Батыс, солтүстік-батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда – көктайғақ, шығыста жаяу бұрқасын байқалады.

Қазақстан бойынша тұман, екпінді жел күтіледі», — делінген синоптиктер мәліметінде.