---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/27/shymkentte-zhshs-basshysy-36-mln-tengge-zhymqyrdy-degen-kuedikke-ilindi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте ЖШС басшысы 36 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

![Шымкентте ЖШС басшысы 36 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/00f1670a-b439-4bd6-aefe-837f44b1f249.jpg.850x445_q82_crop.jpg)

**Шымкент қаласының Еңбекші аудандық прокуратурасы мердігерге нақты орындалмаған жұмыстар үшін ақы төлеу фактісін анықтады, деп хабарлайды Qazaqpress Kazinform-ке сілтеме жасап.**

11.03.2022 жылы Шымкент қаласының Еңбекші ауданы әкімінің Аппараты мен ЖШС арасында «Жерлеу орындарын күтіп ұстау» бойынша келісімшарт жасалған.

Сонымен бірге 2021-2023 жылдары Әкім Аппараты пен аталған Серіктестіктің арасында жалпы соммасы 37,9 млн. теңгені құрайтын 18 мемлекеттік сатып алу шарттары түзілген.

Тексеру барысында прокурорлар қарау және орындалған жұмыстардың актілеріне салыстыру жүргізіп, Тапсырыс беруші іс жүзінде орындалмаған жұмыстарға және жеткізілмеген тауарларға ақы төлеп, оларды қабылдағанын анықтаған.

Аудиторлық тексеру қорытындысына сәйкес орындалмаған жұмыс пен жеткізілмеген тауар сомасы 36,1 млн. теңгені құраған.

Осыған орай Шымкент қаласы Еңбекші ауданы прокуратурасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармақшасы (аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған, оның өндірісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша департаментіне жолданды.

---

Жарияланды: 2023-10-27T06:24:13+06:00

Жаңартылды: 2023-10-27T06:24:13+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/27/shymkentte-zhshs-basshysy-36-mln-tengge-zhymqyrdy-degen-kuedikke-ilindi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.