---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/27/almatyda-16-myngnan-astam-onkologiyalyq-nawqas-emdeldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 16 мыңнан астам онкологиялық науқас емделді

![Алматыда 16 мыңнан астам онкологиялық науқас емделді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/whod-za-pacientom-scaled.jpg)

9 айдың қорытындысы бойынша Алматы онкологиялық орталығы 16409 науқасқа мамандандырылған онкологиялық көмек көрсетті, деп хабарлады АОО директоры Нұрсұлтан Избагамбетов.

Арнайы инфузомат пен ыңғайлы кресло орнатылған АОО күндізгі стационарында жыл басынан бері 10 263 науқас химиотерапия курсынан өткен.  

800-ге жуық пациент сәулелік ем алды, олар жоғары энергиялық желілік үдеткіште жоғары технологиялық сәулелік терапияның 13 мыңнан астам сеансынан өтті.

2 мыңнан астам операция жасалды. Алматы онкологиялық орталығында қазіргі таңда лапароскопия көмегімен оңалту уақытын қысқартып, операциядан кейін асқынуды болдырмайтын бірегей заманауи операциялар жасалады.

«Бізде үлкен хирургия бөлімшесі бар, онда гинекологиялық, маммологиялық, кеуде қуысына, абдоминальді және несеп-жыныс мүшелеріне түрлі операция жасалады. Бәріне жоғары технологиялық көмек көрсетіледі. Бұрын мұндай шағын инвазивті технологиялық көмек алу үшін шетелге бару керек болатын. Оталардың жартысы шағын инвазивті әдіспен жасалады. Орталықтың құрал-жабдығы жеткілікті, қажетті материалдар толық көлемде бар. Шетелге барып ота жасатудың қажеті жоқ», — дейді Алматы онкологиялық орталығы хирургиялық қызметінің басшысы Нұрлан Балтаев.

Қазіргі кезде Алматыда 31196 онкологиялық науқас тіркелген.

Алматыда қатерлі ісікті ерте кезеңде анықтау үрдісі артып келе жатқаны қуантпай қоймайды. Бұған қала емханаларында жүргізілген скринингтің арқасында қол жеткізілді.

Онкологтар скринингтік тексеруден өтудің маңыздылығын еске салады. Скрининг ауруды ерте кезеңде анықтауға көмектеседі әрі аман қалу мүмкіндігі жоғары болады — 90%.

«Елімізде скринингтер тегін жүргізіледі, профилактикалық тексеруге уақтылы бару керек. Өкінішке қарай, тұрғындар көбіне скринингке мән бермей, елей қоймайды. Қатерлі ісік неғұрлым ерте анықталса, сауығып кету ықтималдығы соғұрлым жоғары болады», — деп түсіндіреді Н.Избагамбетов.

---

Жарияланды: 2023-10-27T07:33:22+06:00

Жаңартылды: 2023-10-27T07:33:22+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Денсаулық](https://qazaqpress.kz/category/densauly%d2%9b/)

Тегтер: [16409 науқас](https://qazaqpress.kz/tag/16409-nawqas/), [9 ай](https://qazaqpress.kz/tag/9-aj/), [Алматы онкологиялық орталығы](https://qazaqpress.kz/tag/almaty-onkologiyalyq-ortalyghy/), [аман қалу](https://qazaqpress.kz/tag/aman-qalw/), [анықтау](https://qazaqpress.kz/tag/anyqtaw/), [жасау](https://qazaqpress.kz/tag/zhasaw/), [желілік үдеткіш](https://qazaqpress.kz/tag/zhelilik-uedetkish/), [лапароскопия](https://qazaqpress.kz/tag/laparoskopiya/), [медициналық экспертіза](https://qazaqpress.kz/tag/medicinalyq-ekspertiza/), [Нұрлан Балтаев](https://qazaqpress.kz/tag/nurlan-baltaev/), [Нұрсұлтан Избагамбетов](https://qazaqpress.kz/tag/nursultan-izbagambetov/), [онкологиялық көмек](https://qazaqpress.kz/tag/onkologiyalyq-koemek/), [операция](https://qazaqpress.kz/tag/operaciya/), [профилактикалық тексеру](https://qazaqpress.kz/tag/profilaktikalyq-tekserw/), [скрининг](https://qazaqpress.kz/tag/skrining/), [сәулелік ем](https://qazaqpress.kz/tag/saewlelik-em/), [тіркелген пациенттер](https://qazaqpress.kz/tag/tirkelgen-pacientter/), [тегін скринингтер](https://qazaqpress.kz/tag/tegin-skriningter/), [түсіндіру](https://qazaqpress.kz/tag/tuesindirw/), [химиотерапия](https://qazaqpress.kz/tag/himioterapiya/), [Қазақстан](https://qazaqpress.kz/tag/qazaqstan/), [қарапайым ерте анықтау](https://qazaqpress.kz/tag/qarapajym-erte-anyqtaw/), [қорытынды](https://qazaqpress.kz/tag/qorytyndy/)

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/27/almatyda-16-myngnan-astam-onkologiyalyq-nawqas-emdeldi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.