---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/26/elordalyq-aewezhajda-zhuek-urlyghymen-ajnalysqan-top-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Елордалық әуежайда жүк ұрлығымен айналысқан топ ұсталды

![Елордалық әуежайда жүк ұрлығымен айналысқан топ ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/photo_117010.jpeg)

**Қазақстанның бас қаласының әуежайында жүк ұрлығымен айналысқан топ ұсталды, деп хабарлайды ****Qazaqpress Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Құқық қорғау органдары өкілдерінің мәліметінше, Астана қаласының халықаралық әуежайында соңғы уақытта жолаушылардың чемодандарын рұқсатсыз ашып, ондағы ақшалай қаражатын, алтын бұйымдарын және басқа да бағалы заттарын ұрлау жағдайларының өсуі тіркелген.

> *«Мәселен, 2023 жылдың тамызында «Астана-Ыстамбұл» бағытының жолаушысы ұшып келгеннен кейін чемоданынан 19 000 АҚШ доллары сомасында ақшалай қаражатының жоғалғанын анықтады. Жол жүгінен 7 800 АҚШ долларын ұрлау туралы дәл осындай өтініш «Астана-Дубай» бағытындағы әуе рейсінің жолаушысынан да келіп түсті», — делінген хабарламада.*

Аталған қылмыстарды жасады деген күдікпен әуе айлағында жүк тиеуші болып жұмыс істеген 6 адамнан тұратын адамдар тобын ұсталды.

> *«Ұсталғандар өз кінәларын мойындады. Ақшалай қаражаттың бір бөлігі алынып, иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, күдікті тұлғалардың басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Сонымен қатар, тергеу органы ҚПК-нің 200-бабы тәртібінде елордалық әуежайға қылмыстық құқықбұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою туралы ұсыныс енгізді, бұл «соқыр зоналарды» алып тастау, қызметкерлерге қойылатын талаптарды қатаңдату және басқа да шаралар», — дейді құқық қорғау органдарының мамандары.*

---

Жарияланды: 2023-10-26T03:31:47+06:00

Жаңартылды: 2023-10-26T03:31:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/26/elordalyq-aewezhajda-zhuek-urlyghymen-ajnalysqan-top-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.