---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/26/aelihan-smajylov-zhumys-saparymen-qyrghyzstanda-zhuer/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қырғызстанда жүр

![Әлихан Смайылов жұмыс сапарымен Қырғызстанда жүр](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/1a6154d6-22ff-4c7d-9a5b-34dbb4aa8b08.webp)

**ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов үкімет деңгейіндегі бірқатар ірі іс-шараға қатысу үшін Бішкек қаласына (Қырғызстан) жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің Үкімет басшылары кеңесінің отырысында Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының кеңістігінде сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылды нығайту жөніндегі шаралар талқыланады.

ТМД елдері Үкімет басшылары кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес шеңберінде кең ауқымдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылау жоспарланған.

Оның ішінде геодезия және картография саласындағы өзара іс-қимыл, тауарларды сертификаттау және кедендік декларациялау, өнеркәсіптің түрлі салаларында кооперациялық жобаларды іске асыру, энергетика және ауыл шаруашылығы салаларындағы бірлескен қадамдар қаралады.

Іс-шаралар қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деп күтіліп отыр.

---

Жарияланды: 2023-10-26T03:34:08+06:00

Жаңартылды: 2023-10-26T03:34:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/26/aelihan-smajylov-zhumys-saparymen-qyrghyzstanda-zhuer/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.