Air Astana флотында 11-ші A321LR

Air Astana флотында 11-ші A321LR

Бүгін Алматы әуежайына Air Astana компаниялар тобының Airbus A321LR 11-ші ұшағы келді.

Экологиялық таза және жайлы лайнер Гамбургтегі (Германия) өндіруші зауыттан тікелей жеткізілді.

Енді Air Astana компаниялар тобында 48 ұшақ, оның ішінде 40 Airbus ұшағы. A321LR ұшағының эконом-класында 150 орын және бизнес-класында 16 орын бар.

A321LR ұшағын лизингке алуы әуетасымалдаушының экология жағынан тиімді және жайлылығы жоғары ұшақтарды ғана қолдануға деген ұмтылысын көрсетеді.