---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/20/tuerkistan-oblysynda-3-qyzdy-zorlady-degen-kuedikpen-er-adam-ustaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды

![Түркістан облысында 3 қызды зорлады деген күдікпен ер адам ұсталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/1684328810_news_b.jpeg)

**Түркістан облысында кәмелетке толмаған қыздарды зорлады деген күдікпен 33 жастағы ер адам ұсталды. Бұл туралы өңірдің Полиция департаменті бастығы Мұрат Қабденов айтты, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Мұрат Қабденовтың сөзінше, ауылдың екі тұрғынынан арыз түскен.

> — Әлеуметтік желіде жарияланып жатқан хабарламалар бойынша нақты мынадай ресми ақпаратты хабарлаймын: Түркістан облысының полицейлері 33 жастағы ауыл тұрғыны тарапынан кәмелетке толмаған қыздарға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасау дерегі бойынша екі жергілікті тұрғынның арызына сәйкес соталды тергеу жүрігізіп жатыр, — деп жазды ПД өкілі.

Ер адам кінәсін мойындаған.

> «Менің тапсырмам бойынша арнайы жедел тергеу тобы құрылды. ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабы 4-бөлігі «зорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлық мән-жайды анықтау үшін қажет іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Қылмыс жасады деген күдікпен Отырар ауданының тұрғынын бірден ұстап, қамауға алдық. Ер адам өз кінәсін мойындады», — деді Мұрат Қабденов.

Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, 7 бала зорланғаны туралы ақпарат расталмаған. Алайда қазір бұл іс бойынша үш жәбірленуші бар.

Бұл дерекке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

---

Жарияланды: 2023-10-20T04:42:12+06:00

Жаңартылды: 2023-10-20T04:42:12+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/20/tuerkistan-oblysynda-3-qyzdy-zorlady-degen-kuedikpen-er-adam-ustaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.