---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/18/tarazda-intim-qyzmet-koersetken-priton-aeshkere-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Таразда интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды

![Таразда интим қызмет көрсеткен притон әшкере болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/photo_116829.jpeg)

**Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасақ қызметкерлері жезөкшелік притонын және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырушыларды құрықтады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.**

Жамбыл облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және жылдам қимылдайтын арнайы жасағының қызметкерлерімен притон және жеңгетайлық қызметті ұйымдастырғаны үшін Тараз қаласындағы сауналардың бірінің 39 және 54 жастағы әкімшілері қамаққа алынды.

> «Әйелдердің сыйақы үшін интимдік қызмет көрсететін қыздар мен саунаға келушілер арасында делдалдық жасағаны анықталды. Жедел уәкілдермен тінту барысында 197 мың теңге көлемінде ақша, клиенттерді қабылдау журналы, ұялы телефондар, сондай-ақ әкімші бөлмесінен жалпы салмағы 5,20 грамм гашиш есірткі заты және контрацепция құралдары тәркіленді», — делінген хабарламада.

Сонымен қатар, интимдік қызмет көрсететін 6 қыз ұсталған. Мекеменің иесі де анықталды. Оған және екі әкімшісіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 309-бабы 2-бөлігі («Жезөкшелiкпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық») бойынша соталды тергеу амалдары басталды.

Сонымен қатар, жезөкшелікпен айналысу мақсатында үй-жай ұсынғаны үшін сауна иесі ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы («Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну») бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылған Жыл басынан бері Жамбыл облысы аумағында интимдік қызмет көрсететін 3 притон анықталып, жабылды. Қазіргі таңда барлық деректер бойынша тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-10-18T05:22:48+06:00

Жаңартылды: 2023-10-18T05:22:48+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/18/tarazda-intim-qyzmet-koersetken-priton-aeshkere-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.