Қарашада қазақстандықтар қанша күн демалады?

Қарашада қазақстандықтар қанша күн демалады?

Күздің соңғы айында қазақстандықтарды жұмыс аптасының ұзақтығына байланысты төрт күннен сегіз күнге дейін демалыс күтеді, деп хабарлайды Qazaqpress.

Қазақстанда қарашада бірде-бір мемлекеттік немесе ұлттық мереке жоқ. Осыған байланысты осы айда қазақстандықтар тек демалыс күндері демалады. Алты күндік жұмыс аптасында төрт демалыс болады: 5, 12, 19 және 26 қараша. Бес күндік жұмыс аптасында демалыс күндеріне 4, 11, 18 және 25 қараша қосылады.