---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/16/zheke-kwaelikti-shughyl-zhasatw-baghasy-arzandajdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды

![Жеке куәлікті шұғыл жасату бағасы арзандайды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/f3f79496764e5835.jpeg)

**Ішкі істер министрлігі жеке куәлікті жедел тәртіппен беру құнын төмендетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Ашық НҚА порталында жарияланған бұйрық-жобасында жазылғандай, енді Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында баға мынадай болмақ:

— құжат 1 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 3372,45 теңге (қазір 4 983 теңге);

— куәлік 3 жұмыс күнінде дайындалатын болса – 1770,88 теңге (қазір 2 752 теңге);

Ал облыстардың аудандары мен қалаларында құжат тек 7 жұмыс күні ішінде дайын болады. Оның құны 677 теңге 95 тиын мөлшерінде (қазір 1 116 теңге) бекітілді.

> «Түзетулер мемлекеттік монополияға жататын Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» қызметтерінің бағасын төмендету жағына қарай, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің түзетулеріне байланысты енгізіледі», – деп түсіндірме берілген бұйрық-жобасына.

Құжат 30 қазанға дейін көпшілік талқылауда болады.

---

Жарияланды: 2023-10-16T05:42:42+06:00

Жаңартылды: 2023-10-16T05:42:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/16/zheke-kwaelikti-shughyl-zhasatw-baghasy-arzandajdy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.