---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/13/boranbaevqa-qatysy-bar-munaj-kompaniyasy-memleketke-syjgha-tartyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Боранбаевқа қатысы бар мұнай компаниясы мемлекетке сыйға тартылды

![Боранбаевқа қатысы бар мұнай компаниясы мемлекетке сыйға тартылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/209991_17e2a7119fc4c6f2120010286d94d417.jpg)

**«Phystech II» АҚ көмірсутек өндіру компаниясы Қазақстанға 100 пайыз акция сыйға тартты, деп хабарлайды Qazaqpress KASE-ке сілтеме жасап.**

Компания акционерлері қоғамның жай акцияларының 100 пайызын мемлекетке беру туралы шешім қабылдады

KASE Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған компания акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының 4 қазандағы шешімі туралы хабарлады.

Дауыс беретін акциялардың 99,28 пайызы – «КазСтройПроект-А» ЖШС, тағы 0,72 пайызы — Қайрат Боранбаевқа тиесілі.

> «Акционерлер мемлекеттік органдардың балансына қоғамның 13 749 100 жай акциясын мемлекет пайдасына өз еркімен және өтеусіз беру туралы шешім қабылдады, бұл қоғамның жай дауыс беретін акцияларының 100 пайызы. Жалпы бағаланған құны 35 миллиард 417 миллион 122 мың теңге», — делінген хабарламада.

«Phystech II» АҚ Маңғыстау облысындағы Солтүстік Қаражанбас мұнай кен орнында мұнай мен газды барлауды және өндіруді жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы компания.

---

Жарияланды: 2023-10-13T05:56:42+06:00

Жаңартылды: 2023-10-13T05:56:42+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/13/boranbaevqa-qatysy-bar-munaj-kompaniyasy-memleketke-syjgha-tartyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.