---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/12/toqaev-qazaqstanda-5g-engizwding-zhanga-merzimin-belgiledi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Қазақстанда 5G енгізудің жаңа мерзімін белгіледі

![Тоқаев Қазақстанда 5G енгізудің жаңа мерзімін белгіледі](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/photo_403294.jpeg)

**Астанада өтіп жатқан Digital Bridge 2023 форумында сөз сөйлеген Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда 5G енгізу мерзімін белгіледі, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Мемлекет басшысы 5G желісін толық көлемде енгізуді инновацияны дамытуға тағы бір қуатты серпін деп атады. Президент бұл үдеріс Қазақстанда қазірдің өзінде қолға алынғанын атап өтті.

> — Бұған дейін 2027 жылға қарай барлық облыс орталықтарын жаңа буындағы ұялы байланыспен қамту мақсаты қойылса, технологияның қарқынды дамуы жағдайында бізге жеделдетіп, шындап қарқын алу керек.
> 
> 
> 
> 
> Үкімет бұл жұмысты мерзімінен бұрын – 2025 жылдың аяғына дейін аяқтауы керек, – деп тапсырды Қасым-Жомарт Тоқаев.

---

Жарияланды: 2023-10-12T05:06:35+06:00

Жаңартылды: 2023-10-12T05:06:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/12/toqaev-qazaqstanda-5g-engizwding-zhanga-merzimin-belgiledi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.