---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/10/qaraghandy-astana-trassasynda-5-adam-mert-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қарағанды-Астана трассасында 5 адам мерт болды

![Қарағанды-Астана трассасында 5 адам мерт болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/be1c0931-e1bf-4e09-b1c4-f0bd00c8694b.webp)

**Қарағанды-Астана трассасында 5 адам қаза тапты, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Жол-көлік апаты, бүгін сағат 15.00 шамасында «Қарағанды-Астана» тасжолында болған. Осакаров ауданынан 50 шақырым жерде елордаға бағыт алған «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі алдын ала болжам бойынша рульге ие бола алмай қалып, жолды жөндеп жатқан жұмыскерді қағып кеткен. Кейін инерциямен жол шетінде тұрған КамАЗ-ға соғылған.

> Салдарынан жол жұмыскері, «Ford Ranger» автокөлігінің жүргізушісі және сол көлікте болған 3 жолаушы оқиға орнында мерт болды.
> 
> 
> 
> 
> «Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деді Қарағанды облысының Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Құрманғали Ысмағұлов.

---

Жарияланды: 2023-10-10T04:05:24+06:00

Жаңартылды: 2023-10-10T04:05:24+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/10/qaraghandy-astana-trassasynda-5-adam-mert-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.