---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/10/daewren-qazantaev-sw-reswrstary-zhaene-irrigaciya-ministrligi-apparatynyng-basshysy-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Дәурен Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы болды

![Дәурен Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/835c9c13c55e41ddaaf55cfbebeaf0a4.jpeg)

**Дәурен Ғанибекұлы Қазантаев Су ресурстары және ирригация министрлігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің баспасөз қызметі ақпарат таратты, деп хабарлайды Qazaqpress.**
Дәурен Қазантаев 1984 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген. Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі.

Еңбек жолын 2005 жылы бастаған: жекеменшік құрылымдарда инвестициялар және корпоративтік бизнес салалары бойынша сарапшы болып жұмыс істеді.

2007-2010 жылдары — ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің құрылымдарында сарапшы, жетекші маманның міндетін атқарушы;

2010-2016 жылдары Жамбыл және Павлодар облыстары әкімдігінің құрылымдарында жұмыс істеді.

2016-2020 жылдары — ҚР Энергетика министрінің кеңесшісі.

2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Астана қаласы бойынша экология департаментінің басшысы қызметін атқарды.

 

---

Жарияланды: 2023-10-10T04:07:50+06:00

Жаңартылды: 2023-10-10T04:07:50+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/10/daewren-qazantaev-sw-reswrstary-zhaene-irrigaciya-ministrligi-apparatynyng-basshysy-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.