---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/09/aqmola-turghyny-youtube-taghy-zharnamagha-senip-aqshasynan-ajrylyp-qalghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақмола тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға сеніп, ақшасынан айрылып қалған

![Ақмола тұрғыны YouTube-тағы жарнамаға сеніп, ақшасынан айрылып қалған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/blog-2-1-1024x682-1.jpeg)

**Ақмола облысының тұрғыны алаяқтарға алданып, миллиондаған ақшасынан айырылып қалған, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.**

37 жастағы ауыл тұрғыны криптовалюта алып, қайта сатудан ақша табуға уәде берген қаржы компаниясын YouTube-тан көріп қалған. Ер адам бірнеше сілтемені басқаннан кейін, оған бірден алаяқтар хабарласқан.

Олар қаражат салып инвестициялау арқылы компаниядан дивидендтер алуға болатынын айтады. Бастапқыда ауыл тұрғыны көлік сатып алуға алған несиенің екі миллион теңгесін аударған. Содан кейін бір ай бойы алаяқтар жәбірленушіге үнемі қоңырау шалып, оның шотына пайыздар есептеліп жатқанын, бірақ оны да көбейтуге болатынын айтып сендіреді.

Оларға сенген ауыл тұрғыны тағы да төрт несие алып, туған-туыстарынан қарызға ақша алып, жеке жинаған ақшасын түгел салады. Қылмыскерлердің әрекетінен келген шығын 8,7 миллион теңге болған.

4 қазанда ауыл тұрғыны полицияға арыз жазған. Бұл факт бойынша соталды тергеу амалдары басталып, жедел іздестіру және тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-10-09T04:22:29+06:00

Жаңартылды: 2023-10-09T04:22:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/09/aqmola-turghyny-youtube-taghy-zharnamagha-senip-aqshasynan-ajrylyp-qalghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.