---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/06/kcell-zhanga-antennalarmen-problemalyq-ajmaqtardaghy-internet-sapasyn-zhaqsartady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Kcell жаңа антенналармен проблемалық аймақтардағы интернет сапасын жақсартады

![Kcell жаңа антенналармен проблемалық аймақтардағы интернет сапасын жақсартады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz4_.webp)

**Алматы мен Астанада ұялы байланыс операторы интернетті жақсы қамту үшін жаңа жабдықтар орнатуда, деп хабарлайды «Kcell» АҚ Басқарма төрағасы Асхат Өзбеков [өзінің](https://www.facebook.com/1211120896/posts/pfbid02STKDuLXXsLhjFx5Tjc35K1mVuFEeXhDEjJ38xyux2tt6N6vQe7JXi1jmYHKJtvPql/?mibextid=95YSWs) парақшасында.**

> «Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы кептелістің кесірін көбіміз білеміз ғой. Есіл уақыт жолға қараумен өтіп кетеді… Қырсыққанда мұндайда байланыс та нашарлап кетеді. Себебі желіге жүктеме артады. Бұл аймақты қамтитын базалық станциялардың мүмкіндігі час пикте әсіресе әлсіреп кетеді. Осы мәселені ескеріп, біз қозғалысы көп даңғылдардың біріне жаңа үлгідегі антенна – StreetMacroСell құрылғыларын орната бастадық.
> 
> 
> 
> 
> Асхат Өзбековтың айтуынша, бұл антенналар жұмысын қыркүйекте бастаған. «Бір жақсы жері орнатылуы тез әрі өзі жеңіл. Сондықтан қолданыстағы бағаналарға қоюға болады. Бұл жұмысты әжептеуір жеңілдеткені рас. Әйтпесе шатырларға қойылатын бір базалық станцияға кейде 6 айдан артық уақыт кетіп қалады», — деп түсіндіреді ол.

Айта кету керек бүгінде орнатылған құрылғылар 4G желісінде жұмыс істейді. Енді алдағы уақытта бұл антенналардың 5G байланысындағы үлгісін қою жоспарланған екен.

Компания мамандарының айтуынша, жақында Алматы, Астана, Шымкент қалаларында StreetMacroСell құрылғыларын 15 жерге орнату жоспарланған.

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz_-300x169.webp)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz2_-225x300.webp)

 

![](https://qazaqpress.kz/wp-content/uploads/2023/10/kcell-uluchshaet-kachestvo-interneta-v-problemnyh-mestah-za-schet-novyh-antenn-bizmedia.kz3_-225x300.webp)

---

Жарияланды: 2023-10-06T08:15:17+06:00

Жаңартылды: 2023-10-06T08:17:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Технология](https://qazaqpress.kz/category/tehnologiya/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/06/kcell-zhanga-antennalarmen-problemalyq-ajmaqtardaghy-internet-sapasyn-zhaqsartady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.