---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/05/oral-aewezhajy-waqytsha-zhabylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Орал әуежайы уақытша жабылады

![Орал әуежайы уақытша жабылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/photo_116340.jpeg)

**Мәншүк Мәметова атынадағы Орал халықаралық әуежайы жөндеу жұмыстарына байланысты үш күнге үшуларды тоқтатады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.**

Air Astana әуекомпаниясы әуеайлақтың жабылуына байланысты кестеге өзгертулер енгізді.

> — Оралдағы Мәншүк Мәметова атындағы Халықаралық әуежай жермен жүру жолын 8-10 қазан аралығында жөндеуге байланысты жабылады. Сондықтан осы кезеңде әуекомпания Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерді тоқтатуға мәжбүр, — делінген әуекомпания хабарламасында.

Жолаушылар алдағы 14 күнге Орал қаласынан/Орал қаласына рейстерге билеттерді қайта брондай алады немесе құнын толық қайтара алады. Қосымша ақпарат алу үшін билеттерді сатып алу орны бойынша хабарласуға болады.

---

Жарияланды: 2023-10-05T05:06:56+06:00

Жаңартылды: 2023-10-05T05:06:56+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саяхат](https://qazaqpress.kz/category/sayahat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/05/oral-aewezhajy-waqytsha-zhabylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.