---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/03/prezident-zangsyz-iemdenilgen-aktivterdi-qajtarw-maeselesi-zhoeninde-kenges-oetkizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Президент заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді

![Президент заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өткізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/kz1-9223-3-2_mediumthumb.jpg)

**Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі жөнінде кеңес өтті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Жиынға Премьер-Министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігінің Басшысы Олжас Бектенов, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу және Бас прокуратураның басшылығы қатысты.

Мемлекет басшысына кеңестің күн тәртібіндегі мәселе бойынша қабылданып жатқан шаралар мен бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері туралы баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік әділдікті қалпына келтіруге және мемлекетке қайтарылған активтерді елімізді дамыту үшін пайдалануға бағытталған бұл жұмыстың маңыздылығын атап өтті.

Мемлекет басшысы осы іске жұмылдырылған барлық мемлекеттік құрылымдардың жұмысын жандандыру қажет екенін айтты.

Жиын соңында Президент бірқатар нақты тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2023-10-03T03:59:20+06:00

Жаңартылды: 2023-10-03T03:59:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/03/prezident-zangsyz-iemdenilgen-aktivterdi-qajtarw-maeselesi-zhoeninde-kenges-oetkizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.