---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/03/almatyda-metromen-zhueretinder-sany-artty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда метромен жүретіндер саны артты

![Алматыда метромен жүретіндер саны артты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/629463208b80e417969485.jpeg)

**Алматы метрополитені тұрғындардың метрода жолаушылардың шамадан тыс көптігіне қатысты шағымына жауап берді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

«Метрополитен» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының мәліметінше, Алматы метросындағы жолаушылар ағынына тұрақты түрде мониторинг пен талдау жүргізіледі.

> «Бүгінде желіде 10 құрам жүреді, олардың әрқайсысы 900 адамға дейін сыйымдылығы бар 4 вагоннан тұрады. Талдауға сәйкес, жаңа оқу жылының басталысымен таңғы сағат 08:00-ден 09:00-ге дейін Момышұлы мен Райымбек станцияларында 1400 адамға дейін жолаушылар саны байқалады. Кешкі 19:00-ден 20:00-ге дейін Жібек жолы және Момышұлы станцияларында 1600 адамға дейін жетеді. Қалған сағаттарда жолаушылар саны – 400-600 адам. Құрамдар арасындағы қозғалыс аралығы 6 минут 12 секунд», — деп хабарлады «Метрополитен» КМК-да.

Сондай-ақ «Метрополитен» кәсіпорны қазір желіде құрамдар санын көбейту мен қозғалыс аралығын азайту мәселесі қарастырылып жатқанын мәлімдеді.

---

Жарияланды: 2023-10-03T04:19:14+06:00

Жаңартылды: 2023-10-03T04:19:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/03/almatyda-metromen-zhueretinder-sany-artty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.