---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/10/02/zhyl-basynan-beri-6-oqwshy-esirtki-qylmysyn-zhasady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады

![Жыл басынан бері 6 оқушы есірткі қылмысын жасады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/10/cfb1257f-dca2-480d-88dd-9c67e569d4f6.webp)

**Ішкі істер министрлігінде өткен брифингі барысында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек кәмелетке толмағандар арасында тіркелген есірткі қылмыстары туралы деректер келтірді, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Егер 2020 жылы кәмелетке толмағандар 15 есірткі қылмысын жасаса, оның 5-і сату фактісіне қатысты, ал 2021 жылы бұл көрсеткіш 26 фактіге өскен, оның 10-ы сату фактісі. 2022 жылы кәмелетке толмағандар 25 есірткі құқық бұзушылығын жасаған, олардың жартысы есірткіні сатуға қатысты. Биыл қылмыстық іс жүргізуге 29 кәмелетке толмаған бала тартылды, оның ішінде 13 колледж студенті, жоғарғы оқу орындарының 3 студенті және 6 оқушы бар», — деп тоқталды ІІМ өкілі Шұғыла Тұрлыбек.

Сонымен бірге ол елдегі криминогендік жағдайды баян етті. Шұғыла Тұрлыбектің айтуынша, бір апта ішінде Қазақстанда 2 526 қылмыс жасалып, оның 1 556-сы тәулік ішінде ашылған.

---

Жарияланды: 2023-10-02T05:29:21+06:00

Жаңартылды: 2023-10-02T05:29:21+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/10/02/zhyl-basynan-beri-6-oqwshy-esirtki-qylmysyn-zhasady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.