---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/29/astanada-koelik-ayaldamadaghy-adamdargha-soghyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды

![Астанада көлік аялдамадағы адамдарға соғылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/0011fa4b-9a91-497e-822f-19d95782d4ee.webp)

**Астана қаласының Полиция департаменті аялдамалардың бірінде болған көлік апаты туралы мәлімет таратты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «29 қыркүйекте сағат 08.31-де «Mеrcedes-Benz» автокөлігі А.Байтұрсынұлы көшесімен Т.Жүргенов көшесіне қарай келе жатып, жолақ ауыстырар кезде өз бетімен кетіп бара жатқан «Mazda» көлігіне апат жағдайын туындатқан. Салдарынан «Mazda» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалып, аялдамаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шегушілер медициналық мекемеге жеткізілді», — деп жазылған департаменттің дерегінде.

Қазір оқиғаның анық-қанығы зерделеніп жатыр.

«Зардап шеккендер арасында қаза болған ешкім жоқ», — дейді Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Елжан Чупеков.

---

Жарияланды: 2023-09-29T07:55:11+06:00

Жаңартылды: 2023-09-29T07:55:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/29/astanada-koelik-ayaldamadaghy-adamdargha-soghyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.