---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/26/aqtawda-tanymal-fotograf-zhoghalyp-ketti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті

![Ақтауда танымал фотограф жоғалып кетті](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/c7fac241-2a28-477f-b41e-3fe74ff7a31d.webp)

**Ақтауда танымал фотограф Бауыржан Асылбаев жоғалып кетті, деп хабарлайды Qazaqpress Lada.kz-ке сілтеме жасап.**

Ер адамды іздеу жұмыстарын Lider.kz қозғалысының еріктілері жүргізіп жатыр. Олардың мәліметінше, Бауыржан Асылбаевты соңғы рет өткен жұма күні, 22 қыркүйек кешінде 8-шағынаудандағы №7 үйдің жанынан көрген. Ол иығына жолдорба іліп алған.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, дене бітімі орташа.

Ер адам сұр түсті спорттық күртке, джинс шалбарын, кроссовка киген.

Іздеу жарияланған ер адам туралы қандай да бір ақпарат болса, мына телефон нөмірі арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз: 8(700)499-72-92.

Белгілі болғандай, Бауыржан Асылбаев Ақтауда кәсіби фотограф болып жұмыс істейді.

---

Жарияланды: 2023-09-26T05:12:29+06:00

Жаңартылды: 2023-09-26T05:12:29+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/26/aqtawda-tanymal-fotograf-zhoghalyp-ketti/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.