Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды

Асан Жүсіпов ҚК Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы болды

Асан Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.

— Мемлекет басшысының өкімімен Асан Қуанышұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды, — делінген Жарлықта.

Еске салайық, бұған дейін Талғат Қойбақов Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылған болатын.