---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/20/abaj-oblysyndaghy-awyldardyng-birinde-toetenshe-zhaghdaj-zhariyalandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Абай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды

![Абай облысындағы ауылдардың бірінде төтенше жағдай жарияланды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/photo_116066.jpeg)

**Абай облысындағы Жетіжар ауылында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бесқарағай ауданы, Жетіжар ауылының тұрғыны сібір жарасы ауруына шалдыққан деп болжанған. Науқас ПТР тестінен өтті, қазіргі уақытта ауру расталмады.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс облыстық комиссияның отырысында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жергілікті ауқымда табиғи төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды.

Қазіргі таңда Жетіжар ауылының кіреберісіне санитарлық бекет орнатылып, ауылдан ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаруға уақытша шектеу қойылды.

Сондай-ақ, жағдайдың себептерін анықтау үшін аудиторлық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Еске салайық, сібір жарасы ауа тамшылары арқылы таралмайды. Жара ауру малдың еті, тері, жүні немене ластанған тағамдар мен ауыз суды ішіп-жеу арқылы жұғуы мүмкін.

---

Жарияланды: 2023-09-20T05:03:41+06:00

Жаңартылды: 2023-09-20T05:03:41+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/20/abaj-oblysyndaghy-awyldardyng-birinde-toetenshe-zhaghdaj-zhariyalandy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.