---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/18/qazaqstandaghy-ortasha-zejnetaqy-moelsheri-belgili-boldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды

![Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері белгілі болды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/1641016096_news_b.jpeg)

**Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 2 триллион 200,8 миллирад теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 675,2 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 1 триллион 525,6 миллиард теңге қарастырылған.

2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 305 мың адам.

> — 2023 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 937 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 83 072 теңге, базалық зейнетақы – 37 865 теңге, — делінген хабарламада.

---

Жарияланды: 2023-09-18T05:21:08+06:00

Жаңартылды: 2023-09-18T05:21:08+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/18/qazaqstandaghy-ortasha-zejnetaqy-moelsheri-belgili-boldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.