Қазақстанда ақбөкендердің саны жыл соңына қарай 2,6 млн құрайды

Қазақстанда ақбөкендердің саны жыл соңына қарай 2,6 млн құрайды

Қазақстанда ақбөкендердің саны жыл соңына қарай 2,6 млн құрайды, деп хабарлайды Qazaqpress.

Көктемгі әуе есебінің нәтижелері бойынша, ақбөкенінің Оралдағы популяциясы 1 130 000 құрады, ал Қазақстан бойынша 1 915 000 жетті.

«Болжамды деректер бойынша жыл соңында төлді ескерсек, ақбөкендердің жалпы саны шамамен 2,6 млн құрайды», — деп мәлімдеді Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ақбөкендер жағдайына қатысты сараптамалық талқылау барысында ҚР ЭТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Андрей Ким.