Air Astana әуекомпаниясы қазан айының соңынан бастап Бангкок пен Пхукетке күн сайын қатынайтыны туралы қуана хабарлайды.
Рейстер заманауи A321LR және B767 ұшақтарымен орындалады. Жиіліктің артуы жолаушыларға көбірек таңдау мен сапарларын ыңғайлы түрде жоспарлау мүмкіндігін береді.
Алдағы күзгі-қысқы маусымның алдында, Таиланд Үкіметінің ақпараты бойынша, Қазақстан азаматтары үшін уақытша визасыз режим енгізіледі: 25 қыркүйектен бастап келесі жылдың 29 ақпанға дейін Таиландқа 30 күнге дейін виза беріледі.
Қазіргі уақытта Таиланд визасы әуежайда рәсімделеді, ал ұшақтар Бангкокқа аптасына үш рет және Пхукетке аптасына төрт рет қатынайды.
Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз