---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/15/aqtoebede-koepirding-astynan-stwdentting-denesi-tabyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ақтөбеде көпірдің астынан студенттің денесі табылды

![Ақтөбеде көпірдің астынан студенттің денесі табылды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/nbnfzqzq.jpg)

**Ақтөбе қаласында жоғары оқу орнының студенті өз-өзіне қол салды деген күдікпен қылмыстық іс қозғалды. Оның денесі көпір астынан табылды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. **

Ақтөбе қаласында 2004 жылы туған жігітке іздеу жарияланып, еріктілер хабарлама таратты. Студент 13-қыркүйек күні сағат 17:00 шамасында үйінен шығып кетіп, оралмаған. Кейін студенттің денесі табылды.

> «14-қыркүйек күні сағат 19:30-да Заречный ауылының қасындағы көпірдің астынан, «Юрта» мейрамханасының жанынан 19 жастағы жігіттің мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты. Қылмыстық кодекстің «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Себептері анықталып жатыр. Сараптама тағайындалды»,- деп хабарлады облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

Бұл студент Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінде оқиды.

> «Жұбанов университеті дүниеден озған студенттің ата-анасына және жақындарына қайғырып көңіл айтады. Студенттің аты-жөні оның отбасына деген құрмет пен жеке деректерін сақтап қалу үшін жарияланбады. Ол жарқын жүзді, болашағынан үміт күттіретін студенттердің бірі еді. Сабақ үлгерімі жақсы, белсенді студенттердің қатарында болды. Бұл – бәріміз үшін де орны толмас қайғылы жағдай. Қалалық полиция департаментінде аталған жағдай бойынша тергеу іс-шаралары жүріп жатыр. Университет тарапынан білім алушының отбасына барынша қолдау көрсетіледі»,- деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.

---

Жарияланды: 2023-09-15T05:44:06+06:00

Жаңартылды: 2023-09-15T05:44:06+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/15/aqtoebede-koepirding-astynan-stwdentting-denesi-tabyldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.