---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/14/erzhan-bajtiles-prezident-baspasoez-hatshysynyng-orynbasary-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Ержан Байтілес Президент Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды

![Ержан Байтілес Президент Баспасөз хатшысының орынбасары болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/230914121121613e.webp)

**ҚР Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары лауазымына Ержан Байтілес тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

> «Белгілі журналист Ержан Байтілес бүгіннен бастап Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз хатшысының орынбасары қызметіне кірісті. Ол бұған дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісі хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болып еңбек еткен болатын», — деп жазды Президент кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.

> Ержан Байтілес «Ақ жол Қазақстан», «Алматы ақшамы», «Алты Алаш», «Ана тілі», «Егемен Қазақстан» секілді еліміздің іргелі басылымдарында тілшіліктен бастап журналистиканың барлық сатысынан өткен тәжірибелі журналист.

Қызылорда қалалық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қоғамдық жұмысқа да белсенді араласқан. Президент Баспасөз қызметінің Сектор меңгерушісі қызметін атқарған. Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ҚР Мемлекеттік кеңесшісінің Хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған.

---

Жарияланды: 2023-09-14T07:29:09+06:00

Жаңартылды: 2023-09-14T07:29:09+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/14/erzhan-bajtiles-prezident-baspasoez-hatshysynyng-orynbasary-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.