---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/13/shymkentte-alayaq-aejel-awrwhanadan-qashyp-ketken/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен

![Шымкентте алаяқ әйел ауруханадан қашып кеткен](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/photo_115877.jpeg)

**Шымкент полициясы ауруханадан қашып кеткен алаяқ әйелді іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ****Qazaqpress Polisia.kz-ке сілтеме жасап.**

Ресми деректерге сүйенсек, 1983 жылы туған Феруза Корчиева алаяқтық жолмен өзінің танысын алдап, жалпы сомасы 12 миллион 700 мың теңгені қолды еткен.

*«Ол жәбірленушіге «банкте кепілде тұрған мүлкіңді шығарып беремін» деп сендіріп, ақшаны алған соң хабар-ошарсыз ізін суытқан. ҚР Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді. Алайда әйел тергеу мен соттан бой тасалап жүр. Феруза Корчиева соңғы рет денсаулығының нашарлауына байланысты жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізіліп, ауруханадан қашып кеткен», — деп мәлімдеді полиция.*

Ведомствода суретте көрсетілген әйелді көрген-білгендер болса, бірден полицияның 102 арнасына немесе 8-7252-33-98-42, 8-702-757-79-57, 97-60-09 байланыс нөмірлеріне хабарласуларыңызды сұрайды.

---

Жарияланды: 2023-09-13T07:38:34+06:00

Жаңартылды: 2023-09-13T07:38:34+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/13/shymkentte-alayaq-aejel-awrwhanadan-qashyp-ketken/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.