---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/13/ashat-ajmaghambetov-pedofilderge-qatysty-himiyalyq-zhaene-hirwrgiyalyq-kastraciya-mindetti-bolwy-kerek/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Асхат Аймағамбетов: Педофилдерге қатысты химиялық және хирургиялық кастрация міндетті болуы керек

![Асхат Аймағамбетов: Педофилдерге қатысты химиялық және хирургиялық кастрация міндетті болуы керек](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/photo_417915.jpeg)

**Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педофилдерге қатысты жазаны күшейту керек екенін айтты, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Педофилдерді кем дегенде өмір бойы қамауда ұстау керек. Екіншіден, оларға қатысты тек химиялық емес, хурургиялық кострацияны да енгізу қажет», — деді А. Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, 10-15 жыл бұрын сотталған педофилдер қазір бостандыққа шығуы мүмкін.

> «Бұл адамдар химиялық кастрация салдарынан ағзасындағы бауыры немесе басқа да мүшелеріне зияны тиеді деп айтуы мүмкін. Біздің ойымызша, химиялық және хирургиялық кастрация міндетті болуы керек», — деді депутат.

---

Жарияланды: 2023-09-13T07:41:49+06:00

Жаңартылды: 2023-09-13T07:41:49+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/13/ashat-ajmaghambetov-pedofilderge-qatysty-himiyalyq-zhaene-hirwrgiyalyq-kastraciya-mindetti-bolwy-kerek/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.