---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/08/bqo-da-sharwa-qozhalyghynyng-basshysy-adamdardy-quldyqta-ustaghan/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# БҚО-да шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстаған

![БҚО-да шаруа қожалығының басшысы адамдарды құлдықта ұстаған](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/4b8c413c97454f16bd3d5c84f5e03ded.jpeg)

**Батыс Қазақстан облысында қожалық басшысы қала тұрғындарын құлдықта ұстаған, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, жағдай Ақжайық ауданында анықталып отыр.

Департаментке шаруа қожалықтарының бірінің басшысы еңбекке пайдалану үшін Орал қаласының тұрғындарын заңсыз ұстағаны жөнінде жедел ақпарат түскен.

> «БҚО ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында аталған дерек расталды. Соның нәтижесінде Орал қаласының бірнеше тұрғыны полицияға арызбен жүгінді.
> 
> 
> 
> 
> Факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 126-бабы 3-бөлігіне (бас бостандығынан заңсыз айыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды. Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды», — деп хабарлады ведомстводан.

Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, бес жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

---

Жарияланды: 2023-09-08T06:54:07+06:00

Жаңартылды: 2023-09-08T06:54:20+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/08/bqo-da-sharwa-qozhalyghynyng-basshysy-adamdardy-quldyqta-ustaghan/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.