---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/04/uesh-zhylda-zhalghan-habar-taratqan-115-adam-sottaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Үш жылда жалған хабар таратқан 115 адам сотталды

![Үш жылда жалған хабар таратқан 115 адам сотталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/28568180_0_1_2731_1537_1920x0_80_0_0_51e34fa62f475e4ab0087269c8024d3f.jpg)

**Жылына жалған хабарлама таратудан келетін шығын 500 мыңнан 2 млн теңгеге дейін екен. Бұл туралы ІІМ экстремизмге қарсы іс- қимыл департаменті 1 басқармасы бастығының орынбасары Алмас Талқанбаев мәлім етті, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

> «Біздің есептеуіміз бойынша жалған шақырту бойынша бір рет шыққанның өзінде 200 мың теңгеден 300 мың теңгеге дейін қаражат жұмсалады. Ал ірі сауда орталықтарының жұмысы тоқтап қалғанда әрбір сағат сайын миллиондаған теңгеден айырылуы мүмкін. Қылмыстық істерді тергеу барысында мемлекеттің өзіне келтірілген материалдық залалдың өзі жыл сайын 500 мыңнан 2 млн теңгеге дейін екен», — деді Алмас Талқанбаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ спикер адамдардың аталған әрекетке не үшін баратыны туралы айтты.

> «Соңғы 3 жылда жалған хабар таратқан 115 адам сотталды, оның ішінде 15-і кәмелет жасына толмаған. Мұндай әрекеттерге адамдар көбіне мас күйінде, әзіл үшін немесе ештеңе жасамау немесе біржаққа бармау үшін барады. Кейбіреулер кек алу үшін немесе бір ұйымның қызметіне зиян келтіру немесе мектептегі оқу процесін тоқтату үшін жасайды», — дейді ол.

---

Жарияланды: 2023-09-04T08:19:03+06:00

Жаңартылды: 2023-09-04T08:19:03+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/04/uesh-zhylda-zhalghan-habar-taratqan-115-adam-sottaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.