---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/04/timwr-suelejmenov-ulttyq-bankting-zhanga-basshysy-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің жаңа басшысы болып тағайындалды

![Тимур Сүлейменов Ұлттық Банктің жаңа басшысы болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/09/photo_115622.jpeg)

**Қазақстан Ұлттық Банкінің жаңа басшысы Тимур Сүлейменов болды. Сенат депутаттары 4 қыркүйекте Палата отырысында жаңа төрағаны тағайындауға келісім берді, деп хабарлайды ****Qazaqpress.**

Тимур Сүлейменовтің кандидатурасын Мемлекет Басшысының ұсынысы негізінде Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектенов сенаторларға ұсынды.

> «Тимур Мұратұлы төрт жылдан астам Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді, әлеуметтік-экономикалық даму блогын басқарды, осы саладағы реформаларды іске асыруға белсенді қатысты. Бұған дейін Ұлттық экономика министрлігін басқарған. Оның жеке қасиеттері мен біліктілігі Ұлттық банктің қызметін жетілдіре алады. Сүлейменов Тимур Мұратұлының Ұлттық банк басшысы лауазымына кандидатурасын қолдауды сұраймыз», — деді Бектенов.

Ашық дауыс беруде депутаттар Сүлейменовтің кандидатурасын қолдады.

> «Тимур Сүлейменов — білікті маман. Оның кандидатурасы Сенаттың Қаржы және бюджет жөніндегі комитетінің кеңейтілген отырысында талқыланды», — деп атап өтті комитет төрағасы Сұлтанбек Мақежанов.

---

Жарияланды: 2023-09-04T05:57:35+06:00

Жаңартылды: 2023-09-04T05:57:35+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/04/timwr-suelejmenov-ulttyq-bankting-zhanga-basshysy-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.