---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/09/01/toqaev-ustazdar-men-oqwshylardy-bilim-kuenimen-quttyqtady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады

![Тоқаев ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/05/0c7a1db25edacb2c7fe236341ea-scaled.webp)

**Қасым-Жомарт Тоқаев Instagram парақшасында ұстаздар мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады, деп хабарлайды ****Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Президент өз құттықтауында өскелең ұрпақ еліміздің ертеңі екеніне тоқталып, мемлекет жас өрендердің сапалы білім, тағылымды тәрбие алуы үшін барлық жағдайды жасайтынын атап өтті.

> «Мектептің жаны – мұғалім» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, ұстаздың бала тәрбиесіндегі орны ерекше. Әр оқушының тұлға болып қалыптасуында мұғалімдер маңызды рөл атқарады. Сондықтан біз педагогтерді әрдайым қолдаймыз. Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақтың қолында! Олардың оқуда озат болып, қоғамның барлық саласында биік белестерді бағындыруына тілектеспін! Жастарымыз келешекте Отанымызға адал қызмет етіп, оның дамуына үлес қосатынына кәміл сенемін! Білім күні құтты болсын!», – деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.

---

Жарияланды: 2023-09-01T04:47:58+06:00

Жаңартылды: 2023-09-01T04:47:58+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/09/01/toqaev-ustazdar-men-oqwshylardy-bilim-kuenimen-quttyqtady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.