---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/29/qazaqstanda-ong-roeldi-koelikterdi-aekelwge-tyjym-salynwy-muemkin/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақстанда оң рөлді көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін

![Қазақстанда оң рөлді көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/1670835584_news_b.jpeg)

**Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Қазақстанда оң рөлді көліктерді әкелуге тыйым салу туралы жоба дайындады деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

Бұйрық жобасында Қазақстанға 6 ай мерзімге оң рөлді көліктерді әкелуге тыйым салу көзделген*.* Тыйымның іске асырылуын бақылауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ҰҚК Шекара қызметімен бірлесіп жасауын жүктеуді жоспарлап отыр.

Жоба 13 қыркүйекке дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Айта кетейік, 2007 жылдан бастап Қазақстанда оң рөлді автокөліктерді тіркеуге тыйым салынған, бірақ оларды пайдалануға рұқсат.

2022 жылы желтоқсанда 2022 жылғы 1 қыркүйекке дейін шекарадан өткен шетелдік оң рөлді автомобильдерді қазақстандық есепке қоюға болатыны белгілі болды. Шетелдік автокөліктерд түркеу рәсімі биыл 1 шілдеге дейін созылды.

---

Жарияланды: 2023-08-29T07:10:14+06:00

Жаңартылды: 2023-08-29T07:10:14+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/29/qazaqstanda-ong-roeldi-koelikterdi-aekelwge-tyjym-salynwy-muemkin/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.