---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/29/dwman-taev-shymkent-qalasynyng-policiya-departamentin-basqarady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Думан Таев Шымкент қаласының полиция департаментін басқарады

![Думан Таев Шымкент қаласының полиция департаментін басқарады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_397023.jpeg)

**Президент Әкімшілігінің келісімі бойынша ішкі істер министрінің бұйрығымен полиция генерал-майоры Думан Таев Шымкент қаласы полиция департаментінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress.**

Жаңа басшыны мегаполис активіне ІІМ басшысы Марат Ахметжанов таныстырды.

Думан Таев 1967 жылы Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Ішкі істер органдарында қызметін 1988 жылы бастаған. Әр жылдары полиция бөлімшелерінде басшылық қызметтер атқарды.

Соңғы лауазымы — Ақмола облысы ПД бастығы.

Бұрын Шымкент полициясын басқарған полиция генерал-майоры Қайрат Далбеков ротация тәртібімен енді Алматы қаласы, Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша жаңадан құрылған ҚАЖД бастығының міндетін атқаратын болады.

---

Жарияланды: 2023-08-29T07:05:19+06:00

Жаңартылды: 2023-08-29T07:05:19+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/29/dwman-taev-shymkent-qalasynyng-policiya-departamentin-basqarady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.