---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/28/toqaev-natalya-godwnovany-qabyldady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады

![Тоқаев Наталья Годунованы қабылдады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/kz1-3963-2_mediumthumb.jpg)

**Мемлекет басшысы Жоғары аудиторлық палата төрағасы Наталья Годунованы қабылдады, деп хабарлайды Qazaqpress Ақордаға сілтеме жасап.**

Президент Жоғары аудиторлық палатаның биылғы 1-ші жартыжылдықта атқарған қызметі жөнінде есепті тыңдады.

Есептік кезеңде барлығы 9,3 триллион теңге бюджет қаржысы бойынша 121 нысанда 12 аудиторлық тексеріс жүргізілген.

Сонымен қатар Қасым-жомарт Тоқаевқа Экология және табиғи ресурстар министрлігіне, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты ұйымдарға, сондай-ақ «Қазсушар» РМК-ға және тағы да басқа мекемелерге жүргізілген жекелеген аудиторлық тексерістердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Президент бюджет қаржысының жұмсалуына және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу тиімділігіне аудит жүргізу жөнінде бірқатар нақты тапсырма берді.

---

Жарияланды: 2023-08-28T06:57:37+06:00

Жаңартылды: 2023-08-28T06:57:37+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Саясат](https://qazaqpress.kz/category/sayasat/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/28/toqaev-natalya-godwnovany-qabyldady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.