---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/28/shatqalgha-ojyp-zhazw-zhazghan-shenewnik-demalystan-shaqyrtylady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік демалыстан шақыртылады

![Шатқалға ойып жазу жазған шенеунік демалыстан шақыртылады](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/1693120314.jpeg)

**Ақтөбе әкімдігі Маңғыстау облысындағы Ыбықты-Сай шатқалына ойып жазу жазған видеодағы адам Мәдениет үйінің директоры екенін ресми түрде растады, деп хабарлайды Qazaqpress Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.**

> — Шынымен де ол адам Қазақ зағиптар қоғамының қалалық мәдениет үйінің директоры. Ол былтырғы қазаннан бері жұмыс істейді. Бұған дейін тәртіптік жазаға тартылмаған. Биылғы 1 тамыздан бастап жыл сайынғы еңбек демалысында. Қажеттілікке байланысты оны жұмысқа шақыртамыз, — деді Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміндегілер.

Ақтөбе әкімдігі қарамағындағы қызметкердің әрекетіне қатысты пікірді, ол түсініктеме жазған соң хабарлауға уәде берді. Ертең әкімдіктегілер оның демалысын үзеді.

Еске салайық, осыған дейін Ыбықты-Сай шатқалында кезекті вандализм әрекеті видеоға түсірілген болатын. Бейнежазба авторы ер адамның балға мен бұрағышты пайдаланып, әсем шатқалға әріптерді ойып жазып жатқанына куә болғанын айтқан.

---

Жарияланды: 2023-08-28T07:01:47+06:00

Жаңартылды: 2023-08-28T07:01:47+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Мәдениет](https://qazaqpress.kz/category/maedeniet/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/28/shatqalgha-ojyp-zhazw-zhazghan-shenewnik-demalystan-shaqyrtylady/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.