---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/28/ajdar-rysqulov-samuryq-qazynanyng-basqarwshy-direktory-bolyp-taghajyndaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры болып тағайындалды

![Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазынаның» басқарушы директоры болып тағайындалды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/230828101149373e.webp)

**Айдар Рысқұлов «Самұрық-Қазына» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болып тағайындалды, деп хабарлайды Qazaqpress қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.**

Ол осы уақытқа дейін «Самұрық-Энерго» АҚ басқарма мүшесі, экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры болған.

Айдар Қайратұлы Е. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ды бітірген, сонымен қатар Назарбаев Университетінде алған МВА магистрі дәрежесі бар.

Осы жылдар ішінде «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, АТФ Банк, Банк ЦентрКредит, Халық банкі, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ-да жұмыс істеді.

Соңғы жеті жыл бойы «Самұқрық-Қазынаның» қаржылық активтерді басқару жөніндегі директоры, сондай-ақ корпоративтік қаржы департаментінің директоры болды.

Өткен жұмада Президент өкімімен оның алдындағы директор Нәзира Нұрбаева Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.

---

Жарияланды: 2023-08-28T04:23:04+06:00

Жаңартылды: 2023-08-28T04:23:04+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/28/ajdar-rysqulov-samuryq-qazynanyng-basqarwshy-direktory-bolyp-taghajyndaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.