---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/25/qostanaj-oblysyndaghy-taszholda-zhol-apatynan-4-adam-qaza-tapty/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам қаза тапты

![Қостанай облысындағы тасжолда жол апатынан 4 адам қаза тапты](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/photo_115343.jpeg)

**Қарабұтақ-Қостанай тасжолының 495-шақырымында жол апаты болды. Toyota микроавтобусы бульдозермен соқтығысқан, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.**

Апат салдарынан жүргізуші мен 3 жолаушы оқиға орнында қаза болған, тағы 3 адам Рудный қаласының ауруханасына жатқызылды. Автокөлік Жітіқарадан Қостанайға шыққан.

> «Жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, бірқатар жол белгілерін елемеген және жол қозғалысы жабылған технологиялық учаскеге шығып кеткені анықталды», — деп жазылған Telegram-арнада.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлігі бойынша «Екі және одан да көп адамның өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу» соталды тергеу басталды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

---

Жарияланды: 2023-08-25T06:13:10+06:00

Жаңартылды: 2023-08-25T06:13:10+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/25/qostanaj-oblysyndaghy-taszholda-zhol-apatynan-4-adam-qaza-tapty/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.