---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/24/iim-astana-men-qaraghandyda-arnajy-operaciya-zhuergizdi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді

![ІІМ Астана мен Қарағандыда арнайы операция жүргізді](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/screenshot-20230824-030356-gallery.jpg)

**23 тамыз күні Ішкі істер министрлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, прокуратураның үйлестіруімен Астана және Қарағанды қалаларының аумағында Қарағанды облысындағы криминогендік жағдайға теріс әсер ететін қылмыстық топты құрықтау бойынша кең ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Qazaqpress Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.**

ІІМ мәліметінше, топ мүшелерінің тау-кен өндіруші компаниялардың бірінің тауарлық-материалдық құндылықтарын ұрлауға, есірткі мен атыс қаруын сақтауға, сондай-ақ 2022 жылы қылмыстық текетірес кезінде Қарағанды тұрғынын өлтіруге оқталу фактісіне қатысы бар екені анықталды. Осы қастандықты жасамақ болған топтың болжамды «киллері» көрші мемлекеттің аумағында ұсталған.

> — 70 тінту іс-шарасы өткізілді, соның нәтижесінде тоғыз қару, 400-ге жуық оқ-дәрі, пышақтар, радиостанциялар, үлкен көлемде ақша және басқа да заттай дәлелдемелер табылып, тәркіленді. Полицияға 28 адам жеткізілді, оның ішінде топтың 12 белсенді мүшесі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қылмыстық кодекстің бірнеше баптары бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды, – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс.

---

Жарияланды: 2023-08-24T04:24:18+06:00

Жаңартылды: 2023-08-24T04:24:18+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Басты](https://qazaqpress.kz/category/basty/), [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/24/iim-astana-men-qaraghandyda-arnajy-operaciya-zhuergizdi/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.