---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://qazaqpress.kz/2023/08/24/almatyda-aghashtardy-biologiyalyq-oengdewding-toertinshi-kezengi-bastaldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда ағаштарды биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталды

![Алматыда ағаштарды биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталды](https://qazaqpress.kz/app/uploads/2023/08/2308231919192966g.jpg)

**Алматыда зиянкестер мен зең ауруларының қоздырғыштарына қарсы биологиялық өңдеудің төртінші кезеңі басталды, деп хабарлайды Qazaqpress ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.**

Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының басшысы Серік Әділбаевтың мәліметінше, алдыңғы үш кезең сәуір айынан бастап тамыз айына дейін жүргізілді. Төртінші кезеңде 2,3 млн-нан астам ағаш биоөңдеуден өтеді деп жоспарланған.

Ағаштарды өңдеу жұмыстары таңғы және түнгі уақыттарда жүргізілетін болады. Бұл ретте климаттық факторларды ескере отырып, ҚР аумағында қолдануға рұқсат етілген, адамдарға, құстар мен жануарларға зиянсыз, қауіптілігі төмен сыныпты сертификатталған биологиялық, кейбір жағдайларда химиялық препараттар (П-4) қолданылады. Ағаштарды биологиялық өңдеудің төртінші кезеңін жайлы ауа райы мен жауын-шашынсыз мезгілде аяқтау жоспарланып отыр.

---

Жарияланды: 2023-08-24T04:26:11+06:00

Жаңартылды: 2023-08-24T04:26:11+06:00

Авторлар: [ИА Qazaqpress](https://qazaqpress.kz/author/ia-qazaqpress/)

Айдарлар: [Категориясыз](https://qazaqpress.kz/category/kategoriyasyz/)

Тегтер: 

---

Бұл беттің HTML-нұсқасы келесі мекенжай бойынша қолжетімді: https://qazaqpress.kz/2023/08/24/almatyda-aghashtardy-biologiyalyq-oengdewding-toertinshi-kezengi-bastaldy/

---

Бұл материалды пайдалану барысында дереккөзге сілтеме жасау міндетті.

---

[Ақпараттық агенттігі Qazaqpress ](https://qazaqpress.kz/) — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді.