Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
  • Мәдениет
  • Әлем
  • Қоғам
  • Денсаулық
  • Экономика
  • Бизнес
  • Саясат
  • Пікір
  • Технология
  • Спорт
No Result
View All Result
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz
No Result
View All Result
Негізгі бет Басты

Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентін елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды

admin by admin
21 августа, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам президентін елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды

Мемлекет басшысы Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Qazaqpress Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байланысты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

Келіссөз барысында сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы қонақжайлық көрсеткені үшін Во Ван Тхыонгқа алғыс айтып, осы сапарға баса мән беретінін атап өтті.

– Қазақстан Президенті ретінде Сіздің еліңізге алғаш рет сапармен келіп отырмын. Мен бұл сапарыма баса мән беремін. Қазақстанда Сіздің елге және Вьетнам халқына зор құрметпен қарайтынын атап өткім келеді. Вьетнамның экономикалық жетістіктері елдеріміздің ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға берік негіз болады. Біз екі мемлекет арасындағы экономикалық, саяси қатынастарға баса мән береміз және Вьетнамның экономикалық зор әлеуетін және оның халықаралық аренадағы беделін жоғары бағалаймыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент өткен жылдың қорытындысы бойынша өзара сауда-саттық жарты миллиард доллардан асқанына, биылғы алты айдың өзінде 600 миллион доллар болғанына назар аударды. Жыл соңына дейін бұл маңызды көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр.

Мемлекет басшысы бүгінгі келіссөздер екіжақты қатынастарды дамытудың жаңа кезеңіне жол ашатынына сенім білдірді.

Во Ван Тхыонг екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

– Сіздің елімізге жасаған алғашқы ресми сапарыңыз екі мемлекеттің дәстүрлі достық қарым-қатынасы мен көпжақты ынтымақтастығын жандандыруға тың серпін беретініне сенімдімін. Мен Қазақстанда сапармен болдым. Өте тамаша, ғажап ел, халқының қонақжайлығына тәнті болдым. Вьетнам Қазақстанның дамуын және Сіздің басшылығыңызбен Қазақстан халқының жеткен зор табысын жіті бақылап отыр. Сіздің тәжірибеңіз бен стратегиялық көрегендігіңіздің арқасында Қазақстан одан әрі дамып, әлемдегі және аймақтағы тұрақтылықты сақтауға елеулі үлес қосатынына сенімдімін.

Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпайды әрі алғыс айтады. Біз Қазақстанмен арадағы дәстүрлі достық қатынасқа зор мән береміз және еліңізді Орталық Азиядағы маңызды серіктес санаймыз, – деді Вьетнам Президенті.

Buy JNews
ADVERTISEMENT

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Во Ван Тхыонгты Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.

БөлісуTweetPin
Алдыңғы жаңалық

«Қазақстан» шахтасындағы өрт: 3 кенші әлі іздестіріліп жатыр

Келесі жаңалық

Биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өсті

admin

admin

Байланысты жаңалықтар

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады
Басты

«Әділет» партиясы съезінің делегаттары «AMANAT» партиясының қосылуын қолдады

14 июня, 2026
Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды
Басты

Дания Еспаева «Ақ жол» партиясының жаңа төрайымы болып сайланды

13 июня, 2026
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды
Басты

Азат Перуашев «Ақ жол» партиясының басшылығын ауыстыруды ұсынды

13 июня, 2026
Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады
Басты

Сахна сыртындағы құпиялар және аншлаг жинаған премьера: Cirque du Soleil Алматыдағы OVO гастрольдерін бастады

12 июня, 2026
Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті
Мәдениет

Үкімет кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі кешенді жоспарды жүзеге асыруға кірісті

9 июня, 2026
Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?
Категориясыз

Электр энергиясын қалай үнемдеуге болады?

9 июня, 2026
Келесі жаңалық
Биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өсті

Биыл жасөспірімдер жасаған қылмыстар саны 11 пайызға өсті

2024 жылғы АЕК мөлшері аталды

2024 жылғы АЕК мөлшері аталды

Сіз жаңалықтар туралы не ойлайсыз

Ұсынамыз жаңалықтар

Абай ауданындағы өрт аймағынан бұрын жоғалып кеткен 15-ші орманшының тракторы табылды

Абай ауданындағы өрт аймағынан бұрын жоғалып кеткен 15-ші орманшының тракторы табылды

13 июня, 2023
Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

Бүгін Қазақстанның екі қаласында ауа ластанады

17 марта, 2023
Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына қатысты

Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеяның кезекті сессиясын шақырды

25 марта, 2021

Топ жаңалықтар

  • Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Ұлытауды дамытуға 11 млрд теңгеден астам қаржы: Руслан Өскенәлі әлеуметтік жобалардың жүзеге асуын тексерді

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Қою қанды қалай сұйылтуға және тромбоздың даму қаупін қалай азайтуға болады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • Алматыда Дүниежүзілік инсульт ұйымдарының жетекшілері алғаш рет бас қосады

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
  • «Қазақмыс» қызметкерлері «Мөлдір бұлақ» акциясы аясында су айдындарының жағалауын тазартты

    0 бөлісу
    Бөлісу 0 Tweet 0
Қазақша жаңалықтар qazaqpress.kz

ақпараттық агенттігі — саяси және қоғамдық өмірдің соңғы жаңалықтары. Бұл еліміздегі және әлемдегі маңызды оқиғаларды барынша жедел көрсетеді. Біз қазақстандық және халықаралық күн тәртібін мұқият бақылап отырамыз. Саясат пен экономиканың, спорт пен мәдениеттің, ғылым мен техниканың маңызды жаңалықтарын ғана жариялаймыз. 2020 (c) Qazaqpress.kz

Свежие записи

  • AI & Digital Bridge 2026: 30.06 ДЕЙІН БИЛЕТТЕРДІ 50% ЖЕҢІЛДІКПЕН САТУ
  • «Қазақмыс» Ұлытау облысында геологиялық барлау жұмыстарын екі есеге ұлғайтуда
  • Франк Жаффе авиация саласының тұрақты жұмысын қамтамасыз ететін SITA Global Services командасын басқарады

Рубрики

  • Білім
  • Басты
  • Бизнес
  • Денсаулық
  • Категориясыз
  • Мәдениет
  • Мәдениет
  • Пікір
  • Саясат
  • Саяхат
  • Спорт
  • Технология
  • Экономика
  • Қоғам
  • Әлем
  • Өмір салты
2021 қазақша жаңалықтар бүгінгі.
No Result
View All Result
  • Негізгі бет
  • Бизнес
  • Басты
  • Мәдениет
  • Қоғам
  • Әлем
  • Экономика
  • Өмір салты
  • Денсаулық
  • Саяхат
  • Пікір
  • Саясат
  • Білім
  • Спорт

© 2020-2024 Qazaqress.kz - ақпараттық агенттігі, қазақ тіліндегі жаңалықтар.